ЕҢ ОРИГИНАЛДЫ ЖӘНЕ ДƏМДІ ПИРОГ Қажетті заттар: Қамыр үшін: - 300 мл жылы су - 7 гр құрғақ ашытқы - 3 ас қасық майонез - 3 жұмыртқа - 1,5 шəй қасық қант - 1 шəй қасық сода - 800 гр ұн - 2 ас қасық сұйық май - 1 шəй қасық тұз Салмасы үшін: - 250 гр фарш - 400 гр квашталған орамжапырақ - 2 шт сəбіз - 4-5 ас қасық сұйық май - 1 шт пияз - 1 шəй қасық қант - 1 шəй қасық тұз 1. 150 мл жылы суға ашытқыны езіп, 10-15 минутқа қалдырамыз. 2. Бір ыдысқа қалған жылы суды құйып, майонез, тұз, жұмыртқа, қант, соданы араластырып, үстіне езілген ашытқыны құйып араластырамыз. 3. Оның үстіне електен өткен ұнды аздап қосып жұмсақ қамыр илейміз. Ең сонында сұйық майды қосып, жақсылап басып қамыр илейміз. 4. Ыдыстағы иленген қамырдың бетің жауып, жылы жерге 1,5 сағатқа көтерілгенге дейін қалдырамыз. 5. Салмасын дайындаймыз. Фаршты сұйық майға жеңіл -желпі қуырамыз. Тұздаймыз. Оған сұйықтығы жақсы сығылған квашталған орамжапырақты, үккіштен өткен сәбізді, майда туралған пиязды жəне қантты қосып, тағы да шамамен 15 минуттай қуырамыз. Қуырып болғаннан кейін оттан алып, суытамыз. 6. Қалыңдығы 5 мм-дей қылып қамырды жаямыз. Жайылған қамырды стақанмен домалақтар кесеміз. Стақан диаметрі шамамен 7,5 см. Кесілген қамырларға 1 ас қасықтан салма саламыз. Сосын екі жағын суретте көрсетілгендей жабыстырамыз. 7. Форманың түбіне пергамент қағазын төсеп, форманың барлық жағына сұйық май жағып шығамыз. Дайындалған қамырларды формаға суреттегіндей салып, толтырамыз. 8. Пешті 180 градусқа қыздырып, пирогымызды салып, 40-50 минут пісіреміз. Пирог дайын. Асыңыз дәмді болсын!

Теги: сылки

Теги других блогов: сылки